Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне орай жол жабылды

1 Сәуір 2022, 06:24
1334
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне орай жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай 2 жол учаскесі жол жабылды, деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

ТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі тасжолдарды қар көшкіні жауып қалу қаупі бар.

Кеше сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 7-66 (Ушанов кенті мен Серебрянск қаласына дейінгі аралық) және 420-450 (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі жол) шақырымдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып тексеріп отыруға кеңес берді. Бұл ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс жасайтын бірыңғай колл-орталығы. Сонымен қатар, ұлттық компанияның ресми сайтындағы интерактивті картада трассалардағы қазіргі жағдай көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы