Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы мен COVID-19 аурушаңдығының өсу деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында хабарланды.
Семей қаласында:
- азық-түлік емес тауарлар саудасы объектілерінің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және азық-түлік тауарлары сауда объектілерінің жұмыс уақыты сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін қысқартылды;
- азық-түлік емес тауарлармен көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілеріне, ірі сауда объектілері мен кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, алаңы 2000 шаршы метрден асатын көлемге тыйым салынды;
- азық-түлік емес және әмбебап базарлардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қысқартылды;
- кинотеатрларға (кинозалдарға) және театрларға 50%-дан аспайтын отыратын орын толтыру бойынша шектеу сақталды;
- монша, сауна жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қысқарды;
- қоғамдық тамақтану объектілері үшін жалпы жобалық сыйымдылықтың 50%-нан аспайтын келушілерді толтыру және бір мезгілде болу бойынша, сондай-ақ ашық алаңдарда шектеулер қысқартылды;
- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, барлық меншік нысанындағы спорт объектілерінің (фитнес клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін қысқартылды;
- түнгі клубтарға( дискотекалар), барларға, кальяндарға, караоке орындарына тыйым салынды;
- ХҚКО-ның жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылды;
- діни бірлестіктер мен діни ғибадат объектілері қызметінің шектелуін сақтау және сиымдылықтың 50%-нан аспайтын діни және басқа да рәсімдер залдардың жұмысына тыйым салынады
- Бұқаралық (ұжымдық) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.