Шығыс Қазақстанда екі тас жол жабылды

6 Наурыз 2023, 23:39
1051
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда екі тас жол жабылды
Фото: google.com

Қар көшкіні қаупіне байланысты Шығыс Қазақстанда екі тас жол жабылды. ШҚО-дағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов ауылы – Алтай қаласы» учаскесі көліктердің барлық түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ «ОблШығысЖол» ЖШС мәліметі бойынша, сағат 20.00-ден бастап облыстық маңыс зы бар «Өскемен – Тарғын – Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғары Тайынты – Самар ауылы» учаскесі 7 наурыз сағат 06.00-ге дейін жабылды.

Өзгелердің жаңалығы