Шығыс Қазақстанда депутат суицид жасады

31 Тамыз 2022, 21:57
1518
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда депутат суицид жасады

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының депутаты суицид жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті ақпаратты растады.

31 тамыз күні полицияға Зайсан қаласының 58 жастағы тұрғынының өзіне қол жұмсағаны жайлы хабар түсті. Қазір аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған, – деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.

Бейресми дерек бойынша, мәслихат депутаты үйінде өз-өзіне оқ атқан.  

Өзгелердің жаңалығы