Шығыс Қазақстанда биік тауда орын алған өрт сөндіріліп жатыр

19 Шілде 2023, 11:30
506
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда биік тауда орын алған өрт сөндіріліп жатыр
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

2023 жылғы 18 шілдеде Катонқарағай ауданында Берел орман шаруашылығының аумағында шамамен 1700 метр биіктікте түтін ошағы байқалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірден Казавиаорманкүзетінің МИ-2 тікұшағы шығып, орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақта жалғыз өскен ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде.

Өртті сөндіруге 67 орманшы мен өрт сөндіруші, 6 бірлік техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы