Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар істі болған адамдардан 5 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚМА ШҚО бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады.
2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының «Кенқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылған болатын. Күдіктілер ақша алу кезінде ұсталды. Олардың әрекеттері салдарынан экологиялық залал 54 млн теңгеден асты.
Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған тұлғалар ақша алу кезінде ұсталған, - дейді ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.
Сот үкімімен оларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.