Шығыс Қазақстанда 300-ден астам баланы кене шақты

20 Мамыр 2023, 08:20
823
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 300-ден астам баланы кене шақты
Фото: ustinka.kz

Шығыс Қазақстан облысында биыл 300-ден астам баланы кене шақты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде сәуір айында кене таралу маусымы басталған. Сол уақыттан бастап осы күнге дейін барлығы 1057 адам кенеден зардап шегіп отыр. Оның ішінде 327-і - 14 жасқа дейінгі балалар.

1016 адам профилактикалық мақсатта кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алды. Қалғандары ауруханаға кеш жүгіну, медициналық қарсы көрсетілімдер сынды себептерге байланысты екпе алған жоқ. Сондай-ақ Өскемен қаласында кене энцефалиті вирусына шалдығудың бір жағдайы тіркелді. Науқас қазір ауруханада жатыр, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупінің «жоғары» аймағына жатады. Өңірдегі Глубокое, Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар аудандарында және Риддер, Өскемен қалаларында кене энцефалитінің ошағы көп.

Өзгелердің жаңалығы