Шығыс Қазақстанда 30 млн теңге қарызын төлеуден жалтарған ер адам анықталды

15 Мамыр 2023, 13:45
831
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 30 млн теңге қарызын төлеуден жалтарған ер адам анықталды
Фото: polisia.kz

Ұлан ауданының полиция бөліміне Астана қаласының жеке сот орындаушысынан 52 жастағы қарыз төлеуден жалтарушыға іздестіру жариялау туралы қаулы келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол шаруа қожалығына шамамен 30 млн теңге қарыз болған. Қызметкерлер жедел шаралар қабылдап, бір тәулік ішінде борышкерді анықтады. 

Қазір мәліметтер берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.  

Өзгелердің жаңалығы