Шығыс Қазақстан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

6 Ақпан 2024, 19:52
354
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 164 су өткізу құрылыстары және 7 көпір тазартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері жалпы ұзындығы 34,5 км 12 арнаны, жалпы ұзындығы 38 км-ден астам 39 арықты тазартты және тереңдете түсті, сондай-ақ автомобиль жолдарындағы 146 су өткізу құрылыстары, темір жолдардағы 3 су өткізу құрылыстары және 93 көпір тазартылды.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 164 су өткізу құрылыстары және 7 көпір тазартылды.

Облыста қардан тазарту жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта 65 260 текше метрден астам қар шығарылды. 34 285 данадан астам мөшек қаптар, 5984 тонна инертті материалдар және 328 тоннадан астам ЖЖМ дайындалды.

Тұрғын үйлерді су басқан жағдайда халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 17 600 адамнан асатын 153 уақытша орналастыру пунктін дайындады.

Облыстағы су айдындарына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанынан бастап су тасқыны кезеңіне дайындығын және гидротехникалық құрылыстарды тексеру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, ТЖ Департаменті және мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс топтарының жұмыс жасауы жоспарланған.

Бұқтырма, Күршім, Уба өзендерінде, сондай-ақ Шемонаиха, Глубокое аудандарында және Риддер қаласында жарылыс жұмыстары жоспарланған. Құтқарушылар үйлерді аралап, тұрғындарға су тасқыны кезіндегі әрекет ету тәртібі ережелері туралы нұсқаулық жүргізуде, - деп хазды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы