Шығыс Қазақстанның мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды

19 Қараша 2020, 10:53
1500
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанның мектептерінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл мектебінде аязға байланысты сабақ тоқтатылды, деп хабарлады Алтайньюс.


Риддерде сынап бағанасы минус 26 градусқа дейін төмендеп, жел екпіні секундына 5 метрге жетті. Күн райының қолайсыздығына байланысты Бутаково және Поперечныйда 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайтын болды.

Сондай-ақ Бородулиха ауданында ауа температурасы минус 28-30 граудсқа дейін төмендеді. Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарында бірінші ауысымның бастауыш сыныптары үшін сабақ тоқтатылды.
Өзгелердің жаңалығы