Шығыс Қазақстанда жол мен коммуналдық жүйелер жөнделеді

7 Тамыз 2019, 10:43
1582
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жол мен коммуналдық жүйелер жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен, Риддер, Алтай, Серебрянка қалаларындағы емхана, мектеп, аулалар мен спорттық алаңдар және сумен қамту жүйесі жөнделеді, деп хабарлады Алтайньюс.

"Өскемендегі бір мектеп және Ана мен бала орталығының екеуі де жөнделеді. Сондай-ақ жолдар мен аулалар да абаттандырылады. Риддерде де жол мен аулалар көркейтіліп, емханаларға жабдықтар алынады. Сондай-ақ сумен қамту жүйесі де жөнделеді. Алтайда су құбырлары қалпына келтіріліп, перзентхана мен облыстық емхана жабдықталады. Ал Серебрянкада жол салынып, қазандық қалпына келтіріледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Жергілікті кәсіпорын мен облыс әкімдігі арасында әлеуметтік серіктестік туралы меморандум жасалған. Осы келісім аясында тиісті қаражат бөлінеді.

Өзгелердің жаңалығы