Шығысқазақстандықтар шілдеде «жұлдызды жауынды» тамашалайды

23 Шілде 2019, 01:25
2410
Бөлісу:
Шығысқазақстандықтар шілдеде «жұлдызды жауынды» тамашалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары шілденің ортасынан бастап топ-тобымен аққан жұлдыздарды тамашалайды, деп хабарлады altaynews.kz.

Шілде айының орта шенінен тамыздың аяғына дейін түнгі аспаннан топ болып шоғырланып ағатын жұлдыздар легін ғылымда Персей шоқжұлдызы деп атайды. Метеорлар легі деуге де болады. Осы бір ерекше құбылыс биыл да қайталанбақ.

Астрофизиктердің айтуына қарағанда, алғашқы «жұлдызды жауын» 17 шілде күні «төпеп өтті». 24 тамызға дейін жалғасады деп отыр ғалымдар.

Көркем құбылысты көремін деушілер болса, Персей шоқжұлдызын аспанның солтүстігінен іздеуі керек. «W» әрпіне ұқсайтын Кассиопея шоқжұлдызынан сәл төмен, сол жағын ала орналасады. Әдетте «жұлдызды жауын» сағат 23.00-ден таңғы сағат 4.30-ға дейін толастамайды.

 

Өзгелердің жаңалығы