Шығыс Қазақстанда жағажайда демалушылар бетпердемен жүреді

1 Маусым 2020, 14:54
1323
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жағажайда демалушылар бетпердемен жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-дағы лагерьлер мен шипажайлар демалушыларды 13 маусымнан бастап қабылдай бастайды, деп хабарлады altaynews.kz.

Облыстың бас мемлекеттік дәрігерінің №11 жаңа жарлығына сәйкес, Семей қаласын қоспағанда, қалалар мен аудандардың әкімдеріне азаматтарды қонақ үйлерге, туристік лагерлер, демалыс үйлеріне, пансионаттар мен санаторийлерге қабылдауға рұқсат етілді. Сонымен қатар балаларды емдеу мекемелері де бұл санатта бар.

Дегенмен рекреациялық аймақтарда демалып жатқан адамдар маска режимін және кем дегенде екі метр әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау керек.

Ал демалыс аймақтарына басқа облыс, қалалардан келушілер үшін экспересс-тестілеуден немесе ПТР зерттеуінен өткендігі жөніндегі анықтама керек. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесі жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы