Шығыс Қазақстандағы орман өрті толастамай тұр

25 Сәуір 2020, 12:20
2235
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандағы орман өрті толастамай тұр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Бесқарағай ауданындағы өрт әлі де тоқтамады. Бұл туралы төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өрт сөндіру тәулік бойы жүргізілуде.
Өртті сөндірудің аса тиімді кезі кешкі және таңғы уақыт болып отыр, ол кезде  ауа температурасы түсіп, оттың өршу жылдамдығы азаяды. Өрт алаңы шамамен 2500 гектарды құрайды. Жанып кеткен орман-дала алқаптарының ішкі жекелеген ошақтарын сөндіру жұмыстары  жүргізілуде. Сонымен қатар, таңертең аумақты әуеден барлау  жұмыстары жүргізілді, - деді ТЖК баспасөз қызметі. 
Өртті сөндіру жұмыстарына 100-ден астам техника жұмылдырылған. 
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД, "Семей орманы" МОТР, "Ертіс орманы" МОТР, Ұлттық ұланнан 400-ден астам қызметкер мен 100-ден астам техника жұмылдырылды. ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-26Т тікұшағымен және су шашу құрылғылары бар Қазавиаорманкүзетінің Ми-8 тікұшағымен жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарлмада.












Өзгелердің жаңалығы