Швейцарияда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка шығарылды

16 Ақпан 2021, 18:25
1233
Бөлісу:
Швейцарияда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әдеттегі дәстүрге сүйене отырып, Қазақстанның Швейцариядағы елшілігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығару туралы бастамашылық жасады.

Пошталық маркалар елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланылады.

Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электронды қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта-корреспонденциясы қоғам өмірінде маңызды орын алады.

Карантин кезеңінде пошта қызметтері Швейцария тұрғындарының онлайн-сатып алу санының артуына байланысты бірнеше есе өсті. Сыйлықтар, тауарларға тапсырыс, хаттар салынған конверттер – бүгінгі күні «сары алып Swiss Post» арқылы сәлемдемелер мен конверттердің көптеген саны өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта біз күн сайын миллионнан астам сәлемдеме өңдейміз. Бұл Post тарихындағы абсолютті рекорд, – деп атап өтті Swiss Post баспасөз өкілі Жаклин Бюлман.

Жалпы алғанда, Швейцариядағы почта және пошта маркаларының тарихы орта ғасырлардан бастау алады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі филателистердің назары мен қызығушылығын туғызады.

Өзгелердің жаңалығы