Швейцария туристердің шаңғы курорттарына келмеуін сұрады

13 Желтоқсан 2020, 09:36
2064
Бөлісу:
Швейцария туристердің шаңғы курорттарына келмеуін сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцария үкіметі шетелдік туристерден тау-шаңғы курорттарына әзірге келмеуін өтінді. Бұған дейін Германия канцлері Еуропа елдерін демалыс орындарын қаңтарға дейін жабуға шақырған еді.

Алайда Швейцария билігі одан бас тартып, тау-шаңғы шипажайлары ашық болатынын айтқан. Бірақ елдегі эпидемиологиялық ахуал нашаралап кетті. 

Сөйтіп, 12 желтоқсаннан бастап мұнда жаңа карантиндік шаралар күшіне енді. Шараларға сәйкес, кейбір өңірде дүкендер, барлар мен мейрамханалардың жұмысы шектелді. 

Хабар24 арнасының хабарлауынша, тиісті ереже келесі жылдың 22 қаңтарына дейін күшін жоймайды. Жалпы бұған дейін Швейцариямен қоса Австрия билігі де қысқы демалыс орындарын жабудан бас тартқан. Өйткені бұл елдерде әлемдегі ең ірі тау-шаңғы шипажайлары орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы