Швецияның шығысындағы Уппсала қаласында оқ тиіп, жарақаттанған бірнеше адам табылған. Бұған дейін қалада қатты атыс дыбыстары естілген, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеп.
Полиция мәлімдемесінде атысқа ұқсас дыбыстар туралы бірнеше тұрғыннан қоңырау түскені айтылды.
Бірнеше адам атыс жарақаттарына ұқсайтын зақымдармен табылды, – деді полиция.
Олардың айтуынша, қаланың үлкен бір бөлігі қоршауға алынып, тергеу басталды.
Алғашқы әлеуметтік желілердегі хабарламаларда кейбір қолданушылар қаза тапқандар бар деп жазуда. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.