Шу тұрғыны анашаны автокөлігімен тасымалдаған

12 Мамыр 2020, 18:50
1754
Бөлісу:
Шу тұрғыны анашаны автокөлігімен тасымалдаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу қаласының тұрғыны 1 келі анашаны автокөлігімен тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 мамыр күні Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Daewoo" көлігін тоқтатып, оны тексеру барысында 40 жастағы жолаушыдан бір килограммға жуық "анаша"есірткі затын тәркіледі.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Өзгелердің жаңалығы