ШҚО-ға Ресей мен Атыраудан 250-ге жуық қазақстандық оралады

26 Сәуір 2020, 15:49
1500
Бөлісу:
ШҚО-ға Ресей мен Атыраудан 250-ге жуық қазақстандық оралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді деп күтілуде. 

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Бортта "Tengizchevroil" компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары. Айта кетейін, олардың барлығы коронавирус инфекциясына тестілеу мен тиісті тексерулерден өтті. Жалпы саны 149 адам келеді, - деді әкім.

Сонымен қатар, Даниал Ахметовтың айтуынша, осы күні өңірге Ресейден арнайы автобус ат басын тірейді. 

Барнауыл арқылы медициналық тексеруден өткен 108 қазақстандық елге қайтып оралады. Біздің тарапымыздан азаматтарды қабылдау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шарасы қамтамасыз етілетін болады. Келгендер анықтамалардың болуына қарамастан медициналық тексеруден, ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуінен өтеді, - деп атап өтті Ахметов.

Әкімнің сөзінше, олардың барлығы уақытша карантиндік стационарларға орналастырылады. 

Ол жерлерде полиция бекеттері орнатылып, тәулік бойы санитариялық-эпидемиологиялық және медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі. Талдау нәтижелерін алғаннан кейін және карантин мерзімі аяқталған соң олар тұрғылықты жері бойынша үй карантиніне жіберіледі, - деді ШҚО әкімі.

Өзгелердің жаңалығы