ШҚО тұрғынының атына 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

14 Шілде 2022, 10:17
1178
Бөлісу:
ШҚО тұрғынының атына 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаяқ ШҚО тұрғынына 3 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Маусым айының соңында Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. 

2022 жылдың наурыз айының басынан мамыр айының ортасына дейін бейтаныс жігіт жәбірленушінің телефонынан қосымша арқылы оған 2,9 млн теңгеден астам сомаға ақшалай несие ресімдегені белгілі болды. 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады. 

Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы