ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп жіберді

22 Қыркүйек 2023, 18:31
712
Бөлісу:
ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп жіберді
Фото: Нұркен Алишев - архив

Өскемен қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғынынан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. 

Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы