ШҚО тергеу изоляторының жедел бөлімі үйінде граната сақтаған тұрғынды анықтады

24 Желтоқсан 2021, 14:20
1382
Бөлісу:
ШҚО тергеу изоляторының жедел бөлімі үйінде граната сақтаған тұрғынды анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы тергеу изоляторының жедел бөлімі үйінде граната сақтаған тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қылмыстарды ашу және алдын алуға бағытталған “Тәртіп орнату” жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде П. есімді азаматтан, өзінің үйінде гранатаға ұқсас заттын заңсыз түрде сақтауы мүмкін деген ақпарат түскен. Оқиға орнына ОВ 156/1 тергеу изоляторының жедел бөлімі қызметкерлері де аттанған. 

Жасырын орны туралы нақты ақпарат пенитенциарлық жүйесінің жедел бөлімімен алынып, өзара іс-қимыл шеңберінде ішкі істер органына жолданылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған П. азаматтың үйінен жасырын сақталған РГД-5 гранатасы тәркіленді. 

Осы дерек СДБТР тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық ісі қозғалған. Айта кетерлігі, өз еркімен қаруды тапсыратын тұлғалар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы