ШҚО: Шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға кетті

3 Шілде 2023, 22:47
570
Бөлісу:
ШҚО: Шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға кетті
Фото: архив

Шомылу маусымы басталған 1 ай ішінде өңірде 3 адам суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 1 жасөспірім бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО ТЖД АҚБ бастығы Руслан Орынбековтің айтуынша, су қоймаларынан 6 адам құтқарылған.

Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының мәліметінше, 3 жағдайда шомылуға тыйым салынған немесе жабдықталмаған орындарда тіркелген.

Шомылу маусымы жалғасуда, сондықтан облыс тұрғындары мен қонақтарын құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайды қарамауға шақырғым келеді. Шомылу үшін тек құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін жабдықталған жағажайларға барған жөн. Ешқандай жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларды ересектердің қарауынсыз су айдындарына жібермеңіз, дейді ШҚО ТЖД АҚБ бастығы Руслан Орынбеков.

Өзгелердің жаңалығы