ШҚО құтқарушылары арнайы акция өткізді

15 Мамыр 2023, 11:01
968
Бөлісу:
ШҚО құтқарушылары арнайы акция өткізді

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін арнайы акция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көктем шыққанда өңірде балалар терезеден құлап кететін оқыс оқиғалар болып жатады. 

Соңғы осындай жағдай 9 мамыр күні Алтай қаласында болған.

Осының алдын алу үшін ТЖД құтқарушылары «Тоқта, балақай!» атты арнайы акция өткізді.

Акция аясында жоғары қабаттағы үйлерде тұратын көпбалалы отбасылардың терезесіне қорғаныс құрылғысы орнатылды.

Әл Фараби көшесінде орналасқан 9-қабаттағы пәтерде тұратын отбасы 6 бала тәрбиелеп отыр. Үйдің терезелеріне біз орнатқан арнайы құлыптар жазатайым оқиғадан қорғайды, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ аға офицері Аслан Қапаев.

Облыстық ТЖД психологы Светлана Андрусенко қайғылы оқиғалардың басты себебі - балаларды қараусыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құрылғыларының болмауы және ата - аналардың өздерінің балаларды терезеден далаға қарауға үйретуі.

Осы ретте құтқарушылар көпқабатты үйде бала терезеден құламас үшін не істеу керектігін тағы бір мәрте түсіндірді.

Оқыс оқиғаның алдын алғыңыз келсе:

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

- Пәтер терезелеріне арнайы қорғаныс құралдары қойылуы тиіс.

- Бала өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз.

- Баланың терезе алдына шығуына жол бермес үшін жиһаздың барлық түрін терезелерден алысқа қойыңыз.

- Баланы терезе алдына шығарып, көшеде не болып жатқанын көрсетуге үйретпеңіз. Ол сіз жоқта соны қайталауы мүмкін.

- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Өзгелердің жаңалығы