ШҚО-ның жас инспекторлары жүргізушілерге үндеу жолдады

27 Ақпан 2023, 21:05
790
Бөлісу:
ШҚО-ның жас инспекторлары жүргізушілерге үндеу жолдады
Фото: Altaynews 

Жол қозғалысының жас инспекторлары Шығыс Қазақстан облысының жүргізушілеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қауіпсіз жол» жедел шарасы аясында «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубында жол қозғалысы жас инспекторларының қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды. Бұл туралы Altaynews жазды.

Жас сақшылар жүргізушілерді қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырды. Кішкентай жаяу жүргіншілердің жолда мұқият бола бермейтіндіктерін еке салып, балалар мекемелері маңайында жылдамдықты төмендету қажеттігін атап өтті.

Polisia.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысында болған 101 жол оқиғасында кәмелеттік жасқа толмағандар зардап шеккен. Осының ішінде тек үш жағдайда ғана балалардың өздері кінәлі болғанын айтуымыз керек.

Іс-шара соңында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов жолдағы қауіпсіздік тәртібі ережелері бойынша өткен олимпиада жүлдегерлерін марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы