ШҚО-ның Ұлан ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты

11 Наурыз 2023, 15:04
1058
Бөлісу:
ШҚО-ның Ұлан ауданында су тасқыны жағдайы тұрақты
Фото: Altaynews

Ұлан ауданында көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ болдырмау үшін барлық қажетті іс-шаралар жасалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлімдеді. Бұл туралы  Altaynews жазды.

Аудан әкімі 9 наурыз күні Бозанбай, Мамай батыр, Герасимовка ауылдарында көктемгі су тасқының болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтқан.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қызметкерлері мен күштері, сондай-ақ жергілікті әкімшілік өкілдері, тұрғындар мен  Ұлан ауданының азаматтық қорғаныс құрылымдарының күштері қатысуда. Арықтарды, құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілді.  Жағдай тұрақты және күнделікті бақылауда, - дейді Ренат Құрмамбаев.

Өзгелердің жаңалығы