ШҚО-ның Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды

13 Желтоқсан 2022, 12:21
1737
Бөлісу:
ШҚО-ның Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі жол жабылды

Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» күре жолының 105-123 шақырымында жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.

«2022 жылдың 13 желтоқсанында сағат 08.30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» күре жолының 105-123 шақырымдары аралығында жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.

Бұл Шемонаиха қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске.

Өзгелердің жаңалығы