ШҚО-ның оқу орнында терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

16 Мамыр 2022, 21:53
1510
Бөлісу:
ШҚО-ның оқу орнында терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ШҚО-ның оқу орнында терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің, Ұлттық қауіпсіздік органдарының және облыс әкімдігінің қызметкерлері білім және ғылым саласында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздік ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты түсіндіруге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді.

11-12 мамырда өткен ақпараттық-түсіндіру кездесулеріне облыстың 674 жоғары, орта-арнайы, орта және мектепке дейінгі оқу орындарының бірінші басшылары мен терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында білім беру мекемелерін қорғау бойынша бірқатар мәселелер қаралды, оның ішінде:

– террористік сипаттағы білім және ғылым объектілері үшін өзекті қауіптер; 

– білім және ғылым объектілері лауазымды тұлғаларының объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері және террористік сипаттағы қауіп-қатер жағдайында бірінші кезектегі іс-әрекеттері; 

– террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі. 

Объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігі объектілерге заңсыз кірудің алдын алу, ондағы терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу, терроризмге дайындық және акт жасау белгілерін анықтау, объектілердегі ықтимал террористтік қатерлердің салдарын азайту және жою арқылы атап өткен жөн.

Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін лекторлар білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне келесі шараларды іске асыруды тапсырды: 

– объектілерде керіге рұқсаттама орнату және оны қатаң сақтау;

– объектілерді дайындалған қызметкерлердің күшімен күзету немесе күзет қызметі субъектілерімен шарт жасасу; 

– келушілер мен көлік құралдарының объектілерге кіруінің белгіленген тәртібіне тұрақты бақылауды ұйымдастыру; 

– инженерлік-техникалық жағынан объектіге заңсыз кіруді анықтауға мүмкіндік беретін құралдармен жабдықтандыру; – оқушылар арасында экстремизмнің профилактикасын жүргізу; 

– объектіні инженерлік-техникалық жабдықтандыру аясында материалдық-техникалық базаны жақсарту;

– террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге ден қою алгоритмдерін әзірлеу; 

– терроризм актісін жасау кезінде және одан кейін уәкілетті органдарды, қызметкерлерді, білім алушыларды уақытылы хабардар етуді, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын олардың іс-әрекеттеріне қатысты хабардар етуді ұйымдастыруды жүргізу; 

-объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздік паспортын уақытылы жасау және жаңарту.

Өзгелердің жаңалығы