ШҚО-ның бірқатар мектебінде жаттығу өтеді

27 Қыркүйек 2023, 21:35
765
Бөлісу:
ШҚО-ның бірқатар мектебінде жаттығу өтеді

Облыстағы мектептерде өрт кезіндегі іс-қимылды пысықтау үшін бірқатар шара жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

Бүгін облыстағы бірқатар ауылдар мен қалалардағы мектептерде өрт-тактикалық жаттығуы өтеді.

Дәлірек айтқанда, Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Жаңа Ахмер кентінде, Глубокое ауданының Уварово ауылында, Самар ауданының Раздольное ауылында, Зайсан ауданының Шалқар, Көгедай ауылдарында, Күршім ауданының Алғабас ауылында, Қатонқарағай ауданының Көкбастау, Аршаты, Берел, Жамбыл, Қайыңды, Қызылжұлдыз ауылдарында өрт-тактикалық жаттығулар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы