ШҚО-ның Алтай ауданында ауылды су басу қаупі сейілді

8 Сәуір 2024, 09:45
211
Бөлісу:
ШҚО-ның Алтай ауданында ауылды су басу қаупі сейілді
Фото: gov.kz

7 сәуір күні ШҚО Жедел штабының кезекші бөліміне Алтай ауданы Богатырев ауылының тұрғыны хабарласып, ауласына су кіргенін хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел түрде Алтай ауданының әкімі, ТЖД және коммуналдық қызмет мамандары барды.

Анықталғандай, Бұқтырма өзенінің деңгейі көтерілгендіктен, ауылдың екі тұрғынының үйлерінің ауласына су кірген. Қазірде ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және әскерилер суды мотопомпамен сорып алу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы 10 техника жұмылдырылған. Су деңгейі түсуде, - делінген таратылған ақпаратта.

Ауласына су кірген екі үйде 4 адам тұрады. Олар өз еріктерімен эвакуациядан бас тартып, туысқандарының үйлеріне уақытша тұрақтады. Аудан әкімі зардап шеккен азаматармен кездесіп, барлығы қысқа уақытта мемлекет тарапынан қалпына келтірілетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, жуырда күннің күрт жылынуынан дауылды ескерту жарияланған. Аймақта «112» жедел желісі және «109» ахуалдық орталығының қызметі тәулік бойы жұмыс істеуде.

Өзгелердің жаңалығы