ШҚО-дағы су тасқыны жағдайы бақылауда

16 Наурыз 2023, 05:15
789
Бөлісу:
ШҚО-дағы су тасқыны жағдайы бақылауда
Фото: altaynews.kz

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews-ке сілтеме жасап.

13 наурыздағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері, Республикалық маңызы бар жолдарды, арықтар мен каналдарды, су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту бойынша жұмыстарды аяқтады.  Облыстық маңызы бар жолдар бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.

Облыс әкімінің нұсқауы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері 140 шақырым каналдарды және 376 шақырым арықтарды тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізді. Автомобиль жолдарда 1688 су өткізу құрылыстары, темір жолдардағы 90 су өткізу құрылыстары, 299 көпір тазартылды, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева.

Сондай-ақ облыс аумағында су тасқыны жағдайы нашарлаған кезде жалпы сыйымдылығы 14530 адамды құрайтын 121 халықты уақытша орналастыру пункті дайындалған.

Өзгелердің жаңалығы