ШҚО-дағы қауіпті жолдар анықталды

25 Қаңтар 2023, 14:00
767
Бөлісу:
ШҚО-дағы қауіпті жолдар анықталды

Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары қыстағы жолдардың жағдайын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскемен – Алтай және Өскемен – Риддер тасжолын тексеру барысында өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы  Altaynews жазды.

Бұл жолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілмеген. Риддер бағытындағы жолдың бойындағы көліктер тоқтайтын орындардың қары күрелмеген.

Жалпы мамандары 2022-2023 жылғы қысқы маусымда республикалық және облыстық маңыздағы жолдарға 30 шақты рейд жүргізіп, жолды күтіп ұстауға қатысты 42 ереже бұзушылық анықтаған. Осы заңбұзушылықтарға байланысты мердігерлер мен тапсырыс берушілерге ұйғарымдар, хаттар жолданған.

Ұлттық жол активтері сапасы орталығы көктайғаққа қарсы жолға шашылып жатқан реагентті материалдарға да тексеру жүргізген. Зертханалық тексерулердің нәтижесінде бұл қоспалардың тиісті талаптарға сай екендігі анықталды.

 

Өзгелердің жаңалығы