ШҚО-да жолда қалған автобустан 53 адам эвакуацияланды

11 Ақпан 2022, 14:29
1761
Бөлісу:
ШҚО-да жолда қалған автобустан 53 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жолда қалған автобустан 53 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 ақпан күні Жарма ауданы Сұлусары ауылының маңындағы жолда вахташылар отырған автобус сынып қалды. Оқиға орнына №32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіп жеткен. 

ШҚО-да жолда қалған автобустан 53 адам эвакуацияланды

Құтқарушылар аудандық полиция бөлімінің сақшылары және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп 53 адамды «КҮНГ» автокөлігімен эвакуациялады. Қалбатау ауылына жеткізілген олар спорт мектебіне орналастырылды, - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ 11 ақпанда таңертең Аягөз ауданында «Ауди С4» және «ИЖ» маркалы 2 автокөлік жолда қалған. Онда 4 адам отырды. Құтқарушылар шұғыл түрде сол жерге жетіп, көліктерді Аягөз қаласына дейін шығарып салды.

Өзгелердің жаңалығы