ШҚО-да зейнеттегі полицей әйел спорт мектебінде жас ұрпақты жаттықтырып жатыр

7 Наурыз 2022, 16:40
1742
Бөлісу:
ШҚО-да зейнеттегі полицей әйел спорт мектебінде жас ұрпақты жаттықтырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да зейнеттегі полицей әйел спорт мектебінде жас ұрпақты жаттықтыруда, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полицияда қызмет ету үшін мықты рух, салмақты мінез және жігерлі дене керек, оған себеп жұмыс барысында әр түрлі адамдармен, соның ішінде ұстау кезінде жиі қарсылық көрсететін қауіпті қылмыскерлермен күресуге тура келеді. Осындай ауыр міндеттерді атқару барысында нәзік жандыларды елестету қиын. Дегенмен, құқық қорғау органдарының қатарында әйел полиция қызметкерлері жетерлік. Осындай қызметкерлердің бірі – өмірінің 20 жылын Алтай қаласының құқық қорғау органдарындағы қызметке арнаған Татьяна Берсенева.

Ол нәзік жан болғанына қарамастан, нағыз рухты, мінезді, батыл жан. Оның төзімділігі мамандық таңдаумен қоса, спортта да көрінді. Татьяна 9 жасынан бастап спортпен айналысып келеді. Ол конькимен жүгіруден спорт шеберіне үміткер атағын иеленген. Бүгінгі таңда тәртіп сақшысы Алтай қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жас ұрпақты жаттықтыруда.

Қылмыстық іздестіру қызметін 1996 жылы әділет лейтенанты атағымен бастады және 2016 жылға дейін полиция бөлімінде абыроймен еңбек етті, сөйтіп криминалдық полицияның аға жедел уәкіліне дейін қызмет етіп, полиция майоры атағымен құрметті демалысқа шықты. 

 Криминалдық полиция қызметі әйелге оңай емес. Ешқандай жеңілдік жоқ. Егер жедел жұмысқа келсең, оны басқалармен қатар орындауға міндеттісің. Жұмыс барысында талай қиындықтарға душар болдым. Мысалы, мен бірінші жұмыс күнімде кісі өлтіру фактісін тергеуге кірістім. Сол жерде көргенім жүрегіме қатты тиді, бұл сезім тіпті жүдетіп жіберді. Алайда осыдан кейінгі қызмет барысында менің мінезім тек шыңдалды, өйткені көптеген ұқсас оқиғаларды бастан кешірдім. Дегенмен, еш нәрсеге қарамастан,  мен әрқашан полициядағы қызметім туралы тек мақтанышпен еске аламын, – дейді Татьяна Берсенева. Отставкадағы жедел уәкіл барлық әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтап, жас қызметкерлерге табандылық пен тәртіп тіледі.

Өзгелердің жаңалығы