ШҚО-да заңсыз еңбек мигранттары анықталды

5 Қазан 2023, 02:33
544
Бөлісу:
ШҚО-да заңсыз еңбек мигранттары анықталды
Фото: архив

ШҚО-да заңсыз еңбек еткен Өзбекстан Республикасының 13 азаматы анықталды. Олар облыс орталығында ғимараттарды жөндеумен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рейдтік іс-шаралар барысында анықталғандай, шетелдік азаматтар елге қыркүйек айының ортасында келген, бұл ретте олардың уәкілетті орган берген еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болмаған. Жұмыс беруші шетелдік азаматтарды рұқсат құжаттарынсыз жұмысқа қабылдаған.

Қазіргі уақытта өзбекстандық азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылды, оған 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы