ШҚО-да үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, қалған зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

 istockphoto.com 19 Қыркүйек 2026, 17:49
19 Қыркүйек 2026, 17:49
55
Фото: istockphoto.com

18 қыркүйек кешке Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары тасжолында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Авария жолдың 48-шақырымында шамамен сағат 18:30-да болған.

Жол-көлік оқиғасына Toyota, Chevrolet және Subaru жеңіл көліктері қатысқан. Toyota көлігіндегі жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза тапқан.

Toyota, Chevrolet және Subaru көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан Toyota көлігінің жолаушыларының бірі оқиға орнында көз жұмды. Қалған зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің жағдайы мен жол апатының өзге де мән-жайы әзірге хабарланған жоқ.

Наверх