ШҚО-да тасжолдарының біріне стробоскоптар орнатылды

17 Тамыз 2023, 12:17
743
Бөлісу:
ШҚО-да тасжолдарының біріне стробоскоптар орнатылды

ШҚО-да жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Тәртіп сақшылары қала сыртындағы автожолдарының апатты-қауіпті учаскелеріне ерекше назар аударуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ПД бастамасы бойынша ШҚО ҚазАвтоЖол ҰК АҚ ШҚОФ-мен бірлесіп "Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары" республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде күн батареялары мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейтін қызыл-көк түсті гаммадағы жол стробоскоптары орнатылды. Бұл туралы Altaynews жазды.

Стробоскоптар жүргізушілерді авариялық-қауіпті учаскелер, ЖКО жиі орын алатын жерлер туралы қосымша ескертуге және жол жағдайын көруді жақсартуға арналған. Түнде қауіпсіздікті арттыру үшін әсіресе өшіп-жанатын маяктар қажет. Құрылғылар автомобиль жолында тұрақты режимде жұмыс істейді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Әкімшілік полиция ҚазАвтоЖол ҰК АҚ мен облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Самар ауылы, Семей қаласы, Риддер қаласы бағыттары бойынша ұқсас стробоскоптарды қолдануға бастама жасады.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау біздің маңызды міндетіміз. Десе де жүргізушілердің өздері де көлік тәртібі мен жылдамдық режимін сақтауды ұмытпауы тиіс, - дейді тәртіп сақшылары.

Өзгелердің жаңалығы