ШҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

10 Наурыз 2024, 13:34
337
Бөлісу:
ШҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Облыстың азаматтық қорғау қызметтері жоғары әзірлікке келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірге Семей қаласындағы ТЖМ 68303 әскери бөлімінен қосымша 50 астам адамнан тұратын әскерилер келді. Олар жағдайды мониторингілеу және су тасқыны орын алған жағдайда шұғыл ден қою үшін Алтай және Күршім аудандарына бөлінеді.

Онда бүгінгі күні ең көп қар қоры тіркелген: Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі 126 см, таулы аудандарда 138 см. Күршім ауданында – 100 см. Бүгінгі таңда өңірде жағдай тұрақты. Су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тұрғындарымен 200 жуық рейд жүргізілді, - делінген хабарламада.

ТЖД тұрғындарға қазіргі таңнан бастап көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:

- аула аумағын қардан, арықтар мен каналдарды мұздан тазарту-бұл еріген судың ағуын қамтамасыз етеді;

- мүмкіндігінше үйінді жасау үшін қаптар және инертті материалдардың болуы.

Өзгелердің жаңалығы