ШҚО-да қытай компаниясына 262 млн теңге айыппұл салынды

15 Ақпан 2024, 14:45
505
Бөлісу:
ШҚО-да қытай компаниясына 262 млн теңге айыппұл салынды
Фото: BAQ.KZ -архив

Облыстық экология департаменті "Синьсин құрылыс және дамыту Қытай компаниясы" ЖШС-нің Қазақстандағы филиалына жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік компания экологиялық талаптар мен заңнамаларды бұзғаны үшін 262 555 528 теңге мөлшерінде айыппұл төледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бірқатар құқық бұзушылықтар анықталған. Нақтырақ айтқанда, қалдықтарды сақтау, қалдықтарды араластыру, қалдықтарды есепке алу журналының болмауы және жер төсемінің мұнай өнімдерімен ластану фактісі болған. Сондай-ақ компанияның ДСУ (№8 учаске) мен асфальт-бетон зауытында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты жоқ болып шыққан.

Компания жалпы сомасы 262 555 528 теңге көлемінде айыппұл төледі. Кәсіпорын анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы берілген ұйғарымды толығымен орындаған, - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда экология департаментінің нұсқауы бойынша кәсіпорында анықталған бұзушылықтар жойылды.

Өзгелердің жаңалығы