ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

1 Желтоқсан 2022, 14:22
761
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкініне байланысты жол жабылды

«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнарлары» автожолы жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қар көшкіні түсуіне байланысты аталған жолдың бірқатар учаскелерінде жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы  Altaynews  жазды.

Бүгін қар көшкіні түсуіне байланысты сағат 11.00-ден -бастап «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолы (58-66 км, Ушановское а. – Серебрянск қ.) барлық көлік түрлері үшін жабылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш көлік жолында қар көшкіні құлап, көліктегі адамдарды басып қалған. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы