ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

7 Қаңтар 2024, 06:29
532
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: Архив BAQ.KZ

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазселденқорғау» ММ «ШҚАПБ» филиалының ақпаратына сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындар мен қонақтарға 6-8 қаңтар күндері таулы аймақтарға барудан бас тарту туралы ескерту жасалды.

Көшкін қаупі бар ошақтар көлік жолдарына да қауіп төндіреді. Сондықтан ондай жерлерден тез шығып кетуге тырысыңыз, - дейді құтқарушылар.

Сондай-ақ қандай да төтенше жағдай орын алса, бірден 112 арнасына хабар беру қажет.

Өзгелердің жаңалығы