ШҚО-да қар көшкіні қаупі бар

6 Наурыз 2024, 19:06
379
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкіні қаупі бар

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдағы екі күнде қар көшкіні жүруі ықтимал екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір тұрғындарына таулы аймақтарға сапарға шықпауға кеңес берілді.

Қазір қар жамылғысы сусымалы, оған қоса жел екпіні күшейіп келеді. 6-7 наурыз аралығында таулы аудандарда қар көшкіні жүруі мүмкін, - деп ескертті ШҚО ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі көшкін қаупі жоғары учаскелер көлік жолдарының бойында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы