ШҚО-да орманға баруға тыйым салынды

28 Шілде 2023, 19:33
770
Бөлісу:
ШҚО-да орманға баруға тыйым салынды
Фото: Хабар24

Шығыс Қазақстан облысындағы үш бірдей елді мекеннің тұрғындарына орманға шығуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қуаңшылыққа байланысты Қатон-Қарағай, Самар және Күршім аудандарында өрт қаупінің ең жоғары – төртінші және бесінші деңгейі жарияланған. Катон-Қарағай ұлттық паркі мен Үлкен Нарын орман шаруашылығында төрт бақылау бекеті орнатылды. Құтқарушылар 46 жедел топқа бөлініп, тоғайларды аралауға шықты. 

Рейд кезінде от жағып, табиғат аясында жүру ережесін бұзған 55 турист әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы биыл еліміздің шығысында ірі 50 орман өрті тіркелді. 

Ерекше өртке қарсы режимі қолданылу кезінде орман қорында азаматтарымыздың болуына тыйым салынады. Және де ашық от қолдануға, от жағуға тиым салынады. Құрғақ шөптің жануына жол бермеңіздер. Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске түсіреміз, - деді ШҚО мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері  Азамат Құмарбеков.

Өзгелердің жаңалығы