ШҚО-да найзағай толқынынан орман өртеніп жатыр

8 Тамыз 2022, 14:24
1146
Бөлісу:
ШҚО-да найзағай толқынынан орман өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстандағы Сарыбел ауылдық округінде құрғақ найзағай түсуі салдарынан орман өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда тілсіз жаумен Қайыңды және Красногор бөлімшелерінің өрт сөндірушілері ғана емес, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылған.

Сондай-ақ оларға көмек көрсетуге Өскеменнен екі техника мен 26 өрт сөндіруші келген. Жүздеген адам мен он техника өртпен алысып жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы