ШҚО-да майқарағайды кесуге тыйым салынады

17 Шілде 2023, 04:40
494
Бөлісу:
ШҚО-да майқарағайды кесуге тыйым салынады
Фото: baq.kz

ШҚО-да 22 шілдеден бастап майқарағайды кесуге тыйым салынды. Бұған дейін шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрттен тазарту бойынша жүргізілетін жұмыстарды қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде майқарағайды санитариялық мақсатта кесуге тыйым салынсын, - деп жазылған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қол қойған бұйрықта.

Тыйым 22 шілдеден бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы