ШҚО-да маймыл шешегінің алдын алу бойынша онлайн-семинар өтті

1 Маусым 2022, 03:35
1784
Бөлісу:
ШҚО-да маймыл шешегінің алдын алу бойынша онлайн-семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО СЭБ департаменті ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп аумақтық басқармалардың мамандары, госпитальдық эпидемиологтар, бас дәрігерлер, облыстың стационарлары мен амбулаториялық-емханалық ұйымдарының бас дәрігерлерінің орынбасарлары үшін маймыл шешегінің алдын алу, диагностикасы, клиникасы және емдеу мәселелері бойынша онлайн-семинар өткізді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталатын сирек кездесетін жұқпалы ауру (қызару).

Инфекция көзі:

Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер). Инфекция жұқтырған адамның қаны немесе оның биологиялық сұйықтықтары, сондай-ақ ауру жануардың етін қолдану арқылы да пайда болуы мүмкін.

Берілу жолдары:

- жабайы жануарлармен – приматтармен (маймыл) және кеміргіштермен (тиін) байланыс;

- ауру адаммен тығыз физикалық байланыс (вирус денеге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ дене сұйықтықтары арқылы енеді);

ауа-тамшы жолымен (жабық үй-жайда науқаспен болған кезде) және тері жамылғысын зақымдау немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу жолымен.

Клиникалық көрініс:

Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін созылады. Адамдарда жоғары қызба, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, айналуы клиникаларымен сипатталады.

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделу тән.

Алдын алу:

Маймыл шешегінің ең жақын туысы – табиғи шешек 1980 жылы ДДСҰ ұйымдастырған ғаламдық вакцинация арқылы жойылды. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылды.

Ғалымдар шешекке қарсы вакцинаның қорғаныс әсерін дәлелдеді (АҚШ, Жапония, Еуропа және Ресейде тірі вакциналар бар (ACAM2000, LC16m8, IMVAMUNE, IMVANEX).

Қазақстандағы жағдай

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдайлар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады. Қашықтықтан термометрия көмегімен аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы