Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданындағы Шалқар көлінде жоғалып кеткен жігітті іздеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылардың мәліметінше, 25 жастағы ер адам 1 мамыр күні сапбордпен серуендеп жүрген кезде жоғалып кеткен. Оның құтқару кеудешесін кимегені айтылды.
Іздеу операциясы бір аптаға жуық уақытқа созылған. Сүңгуірлер 59 рет суға түскен, алайда көлдің тереңдігі жұмыстарды қиындатқан. Іздеу кезінде эхолоттар пайдаланылып, су айдыны жүзу құралдарымен тексерілген. Сонымен қатар жағалау сызығы дрондардың көмегімен бақылауға алынған.
Нәтижесінде ер адамның мәйіті шамамен 20 метр тереңдіктен, жағалаудан 200 метр қашықтықтан табылды.