ШҚО-да еріген суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр

29 Наурыз 2024, 17:21
255
Бөлісу:
ШҚО-да еріген суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр
VIDEO

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО-да қардың қарқынды еруі және еріген судың жиналуы нәтижесінде жеке тұрғын үйлерді су басу орын алды.
Үлкен Нарын ауылында 1 жеке тұрғын үй мен жеке тұрғын үйлердің 11 аула аумағын су басты.
Алтынбел ауылында жеке тұрғын үйлердің 10 аула аумағын су басты.

Халықтың аулаларын аралау, еріген суды бұру, топырақ төгу және қапшықтарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Өзгелердің жаңалығы