ШҚО-да екі тас жол жабылды

7 Наурыз 2023, 11:00
892
Бөлісу:
ШҚО-да екі тас жол жабылды

Қар көшкіні қаупіне байланысты ШҚО-да екі тас жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО-дағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды. Бұл туралы Altaynews жазды.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, кеше кешкі сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов ауылы – Алтай қаласы» учаскесі көліктердің барлық түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ «ОблШығысЖол» ЖШС мәліметі бойынша, сағат 20.00-ден бастап облыстық маңыс зы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғары Тайынты-Самар ауылы» учаскесі 7 наурыз сағат 06.00-ге дейін жабылды.

 

Өзгелердің жаңалығы