ШҚО-да боранда адасып кеткен екі адам табылды

27 Қараша 2022, 09:51
693
Бөлісу:
ШҚО-да боранда адасып кеткен екі адам табылды

Шығыс Қазақстан облысында боранда адасып кеткен екі шопан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ  ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 қарашада Зайсан ауданындағы шаруа қожалығының басшысы құтқарушыларға хабарласқан. Ол Қаратал ауылының маңында мал іздеуге кеткен 2 шопанның жоғалғанын жеткізген. ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын «КУНГ» автокөлігімен көмекке аттанған.

«Құтқарушылар қатты аяз бен қарлы боранға қарамастан 1963 және 1983 жылғы ер адамдарды іздестірді. Шопандардың бірі «Жадыра» шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды. Ал екіншісі көп ұзамай өз бетімен оралды. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы